2021 Жылдың 20 қыркүйегінде сағат 08.00-ден 13.00- ге дейін Талдықорған қаласының Қ.Байсейітов атындағы саз колледжінде студенттік Парламент сайлауы өтті.
Сайлау қашытықтан және дәстүрлі дауыс беру арқылы жүргізілді
Сайлау барысында,оның әділетті өтуін ұйымдастырушылармен қатар,әр үміткердің өздері тағайындаған бақылушылары да қадағалап отырды.
Сайлау барысында колледжіміздің студенттік парламентінің президенті 4 курс студенті Елтайқызы Айым сайланады, сонымен қатар білім алушылардың өзін-өзі басқару ұйымына 8 фракция басшылары тағайындалады.