Жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын-алу" ашық тәрбие сағаты. 2021 жылдың 16 наурыз күні "Құқықтану" пәнінің оқытушысы Нұрасыл Әдемі Рысбекқызының ұйымдастыруымен "Жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын-алу" ашық тәрбие сағаты өтті. Тәрбие сағатына Талдықорған қаласы, Ішкі істер басқармасы, Батыс қалалық ішкі істер бөлімінің учаскелік инспекторы полиция капитаны Мырзақұлов Дастан Маликжанұлы, Закирбаев Алмаз Маратұлы қатысты.

 

Тәрбие сағатымыздың барысында жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын-алу мақсатында видеоролик көрсетіліп, білімгерлер "Сенің құқығың", " Әкімшілік құқық" баптарын таныстырды.

 

Тәрбие сағатымыздың соңында  учаскелік инспектор Мырзақұлов Дастан Маликжанұлы құқықбұзушылыққа байланысты білімгерлерге ақпарат берді. Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Тұрысбек Мейіргүл Құдайбергенқызы тәрбие сағатын қорытындылап, аяқтады.