1. Сабақтың бірінші бетіне оқытушы туралы толық ақпаратты көрсету (аты-жөні, облыс, колледж атауы , мамандық, біліктілік, модуль атауы,  курс)
  2. Слайдтағы мәліметті оқымай өз сөзімен, анық түсіндіру
  3. Презентациядағы мәліметтер эстетикалық талғамға сай, студентке көрінетін шрифте берілуі тиіс.
  4. Бейнежазба, интерактивті плакат, веб-сайт т.б құрылғыларды сауатты пайдалану керек. (плагиатқа тексеру).
  5. Сабақты әдістемелік орталық ұсынған сабақтардың формасында әзірлеу керек. (жіберілген бейнесабақтар)
  6. Платформаның түрлі мүмкіндіктерін кеңінен пайдалану («Jamboard» тақтасын математика, физика, геометрия сабақтарында пайдалану ), Google сервисінде Google Планета Земля және әр мамандыққа қажетті бағдарламалар (LMS Electude)
  7. Тақырыптың пәнаралық және басқа саладағы байланыстары ұсынылуы керек.
  8. Тақырып туралы толық ақпарат берілгеннен кейін қосымша ақапараттар көзі сілтемелер ұсынылуы шарт.
  9. Тапсырмалар жеңілден күрделіге қарай бағытталуы керек.

(ашық сұрақпен, тестпен ғана тапсырма берілмеуін ескеруіміз керек. Қазіргі педагогикада  осы  тұрғыдағы тапсырма төмен дәрежелі сұрақтар қатарына жатады және  иә, жоқ леген жауабы бар және бір ғана жауапты белгілейтін тест сұрақтары  студенттің дамуына еш мүмкіндік бермейтінін ескергендеріңіз абзал.)

  1. Бейнесабақтың уақыты 15 минут.
  2. Тақырып бойынша презентация, бейнематериал, тапсырмалар қандай қосымша ақпарат бар барлығын жүйелеп ұсыну керек.
  3. 2020-2021 оқу жылындағы  (қыркүйек, қазан, қараша, желтоқсан) айларында өтетін 2,3 курстың теориялық  сабақтарын  республикалық  оқу-әдістемелік бірлестіктеріне  ұсынуға міндеттіміз.