Колледж студенттерінің білім алу барысында жан-жақты дайындалуына мүмкіндік береді. Оқу залдарының кітап қорында барлық сала бойынша әдебиеттер мен мерзімді басылымдар жинақталған.
Оқу залының атқаратын қызмет бағыттары:
– пайдаланушыларға жеке және топтық кітапханалық-ақпараттық қызмет көрсету;
– ақпараттық ізденіс бойынша кеңестер беру;
– оқу залынан берілген құжаттарға бақылау жасау;
– анықтамалық-ақпараттық тапсырыстарды орындау;
– ашық көрмелік іс-шараларын өткізу.