Кітапхана газет пен журналдардың 9 түріне жазылады, соның ішінде мемлекеттік тілде 7 түрі бар. Олар: «Егемен Қазақстан», «Жетісу», «Талдықорған», «Егемен Қазақстан», «Білімді ел», «Жамбыл», «Мұқағали», және т.б.; Орсы тіліндегі басылымдар «Казахстанская правда», «Огни Алатау».

2020-2021 оқу жылында Жаңартылған оқу бағдарламасына байланысты Жалпы білім беру пәндерінен жаңа оқулықтар алынады.

Сіздерге әрқашанда жаңа технологиялармен жұмыс істеуге кітапханашы көмек көрсетуге дайын. Біз оқырмандарға уақыт талабына сай қызмет көрсетуге тырысамыз және де сіздердің лебіздеріңізді әрқашанда ықыласымызға аламыз!


Қ.Байсеітов атындағы саз колледжінің кітапханасының кітап қоймасы