Оқырмандарға сапалы да жылдам қызмет көрсету колледж кітапханашыларының басты міндеті. Кітаптарға техникалық өңдеу жүргізу, қорды реттеп ұйымдастыру, оқырмандардың қажеттіктеріне сәйкес құжаттар қорын түзіп, дәстүрлі және қазіргі ақпарат көздерінде мемлекеттік және басқа тілдерде сақтау.
Оқырманға абонементте, оқу  залында қызмет көрсетуді ұйымдастырады.
Кітапхана қоры 16346 дананы құрайды. Оқулықтар 13443–дана, көркем әдебиет 1171–дана, оқу әдістемеліктер 1667– дана. Электронды оқу құралдары 65-дана. Колледж кітапханасында мамандықтарға байланысты оқулықтар,оқу-әдістемелік құралдар, әдебиеттер, анықтамалық – библиографиялық құралдар, энциклопедиялар, сөздіктер, әртүрлі басылымдар, көркем әдебиеттер, мерзімді басылымдар бар. Кітапхана қоры Фолиант, Алматы «Мектеп», «Альманах» т.б баспалар арқылы толықтырылады.
Кітаптарды насихаттау жұмысы түрлі жолмен жүргізіледі. Колледж кітапханашысы  жаңа түскен студенттерге «Кітапхана ережесі», «Кітапханаға саяхат»т.б тақырыптарға әңгіме өткізеді. Мысалы: Оқырман конференциясы, әдеби-сазды кештер, кездесу кеші, көрмелер, жаңа кітаптарға шолулар және басқа да кітапхана жоспарында бекітілген іс шаралар өтеді.