Абонемент оқырмандарды кітапханадан тыс жерлерде пайдалану үшін оқулықтармен, оқу-әдістемелік әдебиеттермен және ғылыми әдебиеттермен қамтамасыз етеді.
Кітапхана абонементінің атқаратын қызмет бағыттары:
– оқырмандарды тіркеу және қайта тіркеу үрдісін ұйымдастыру;
– оқытушыларға, студенттерге және колледж қызметкерлеріне тиімді, оңтайлы, жедел және сапалы қызмет көрсетуді ұйымдастыру;
– қорды қосымша толықтыру және оқырман сұранысын толық қанағаттандыру мақсатында кітаппен қамтамасыз етілуін және оқылуын талдау;
– қанағаттандырылмаған сұраныспен және қарыз оқырмандармен жұмыс;
– оқырманға ақпарат таңдауда консультациялық көмек көрсету.