ХХІ ғасыр – мәдениеттің, ғылым мен білімнің ғасыры.

Бар білімнің қайнар көзі – кітапхана

Н.Назарбаев

 

Қазіргі таңда жан-жақты білім мен тәрбие берер мәдени орындардың бірі- кітапхана. Егемен еліміздің ертеңі болар жас ұрпақтың білімін кеңейтіп,біліктілігін арттыруда колледж кітапханасы да рухани қазына болып табылады. Кітапхана оқырман үшін үлкен тәрбие мектебі, сансыз сұрақтардың жауабын табуға болатын сиқырлы да киелі орда. Кітап – уақыт пен кеңістіктің тынысына толы адамзат ойының жемісі, қоғамның мәдени күштерін дамытудың қуатты құралы, қайнар бұлағы. Талдықорған қаласы Қ.Байсейітов атындағы саз колледжінің кітапханасы осы оқу орнының дамуымен бірге дамып келеді. Кітапхананың жалпы көлемі 74,4кв м. Кітапхана қорын сақтау орны 37,6 квм.

 

Кітапхананың жұмыс істеу кестесі:
Дүйсенбі-Жұма сағат 9:00-ден, 18:00-ге дейін.

 

Кітапхана меңгерушісі: Жанузакова Жайна Заманбековна

 

 Телефон номері: 87477478545
Электрондық мекенжайі: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

 

 

  1. 2002-2006 жылы І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетін бітірді.

  2. 2012 жылы Қазақ мемлекеттік қыздар  педагогикалық университетінің    

      кітапхана ісі  мамандығы бойынша бітірді.


Жайна Заманбекқызы осы жылдар арасында өзінің білімін жетілдіру мақсатында 2018 жылы республикалық ғылыми-педагогикалық кітапханасы базасында «Кітапханадағы заманауи технологиялар және инновациялық жұмыстар»  шеңберінде біліктілік деңгейін көтеру әдістемелік сабағына және басқа да біліктілігін көтеру сабақтарына қатысып білімін жетілдіруде.

Жайна Заманбекқызы оқырмандарға сапалы қызмет көрсетуді жетілдіру, кітапхана жұмысында жаңашылдықты енгізу бағытында өз еңбек жолын абыроймен атқарып келеді.