Бiлiм беру ұйымдарының жалпы сипаттамасы

Білім беру коды және бейіні: 0400000 –Өнер және мәдениет

Мамандығы: 0407000 – «Ән салу» (Академиялық)

 

Біліктілігі: 040701 3  БММ оқытушысы, Академиялық ән салу әртісі, ансамбль солисі.

ОҚУДЫҢ НОРМАТИВТІК  МЕРЗІМІ:  3 жыл 10 ай,    негізгі орта білім, жалпы орта білім базасында.

Жетісу аймағы, бұл ақын әнші-жыршылар, драматург, сазгерлер шыққан мекен. Жетісу өңірі мыңдаған жылғы тарихы  бар өлке. 1979 жылы қараша айында шаңырақ көтерген бұл білім ордасы музыка мектебінің оқытушыларын, аудандар мен ауылдағы еңбеккерлердің көркем өнерпаздар ұжымдарының, маман жетекшілерін және ансамбль-оркестр, концерттік орындаушыларын даярлады. Дәл осы кішкене шаңырақ бүгін сан қауым халқын өнерімен тамсандырған өнер ошағы десе болады. Бұл бөлімнің алғашқы кездегі оқу бағдарламалары мен ноталық әдебиеттердің жетіспеуі, музыкалық аспаптардың жетіспеуі, әдістемелік көмекші құралдардың жоқтың қасы болуына байланысты, сол кездегі, алғашқы толысқан ұстаздардың жан-қиярлық еңбегіне кедергі бола алмады. Уақытпен санаспай, жастық жігерін, қажыр қайратын, білімін аянбай жұмсаған ұстаздар еңбегінің нәтижесі көрінбей қалған жоқ. Жаңадан ашылған оқу орнының материалдық базасын жолға қою, кадр мәселесі мен қамтамасыз ету оңайлықпен өз- өзіне келе салмады. Осы уақыт ішінде колледж өзінің оқу корпусын 3 рет ауыстырды. Жылдан-жылға техникалық жабдықтау құралдары мен музыкалық аспаптардың жаңа үлгілерімен алу біршама қиындықтарға соқтырды.

Құрманғазы атындағы мемлекеттік Консерваторияның түлектері, табиғатынан талантты ұйымдастырушылар, бірінші ұстаздарымыз алғашқы директоры Алма Зайкенқызы Ағыбаева және 1979 ж - Ғалым Көпесбайұлы Сүлейменов «Ән салу» бөлімінің алғашқы ұстазы, (Қазақстан Республикасына еңбегі  сіңген  әртіс, доцент).

1981 жылдары: Жұмағыз Мекенбаевна Мекенбаева (А.М.К)

Жеңіс Борантайұлы Байнешов (А.М.К)

Сайлаубек Қозыбайұлы Баширов (А.М.К)

Адес Ракишқызы Шуженова -Ресей Консерваториясы

1988 жыл   Игембаев Т.К (А.М.К)

1989 жылы Бокашева А.К (А.М.К)

Лауреаттар: Сүлейменова А, Лукашева О, Таженова А, Вдовиченко Л, Жылгелдинова М.  т.б.

1998 жылдары бірнеше ұстаздар зейнеткерлікке шығып   және Алматы қаласына ауысты. Білім және Ғылым Министрлігі жүйесіне қарасты колледж, содан бері талапты да талантты  жүздеген жастарды даярлап, маман-орындаушыларды ұшырып шығарды. Оның түлектерінің көпшілігі қазір әр түрлі салаларда еңбек етіп жүр,  мысалы: 1980-1984жж Ақжолов Хайдар, Барманбекова Роза,Сүлейменова Айман,1984-1988жж Жылгелдинова Мейрамгуль,Аязбаева Рысжан. 1988-1996жж Дауталиева Дариға, Шойнбаева Бибигуль, Усекбаев Нығмет,Есбаев Даулет, Тлемисова Ардақ,   Таженова Ғалия т.б

2001 жылы «Ән салу» бөлімі үш-төрт жылға жабылып, 2005 жылы қайта талапкерлер қабылдана бастады. Сол кезде төрт оқушы «Ән салу» мамандығына оқытушы  Талғат Кәкімұлы Игембаевтың  класына  бірден қабылданды.

Айдын Исагулов  2009 жылы сол түлектердің ішінен  XXX III Республикалық вокалистер байқауының  лауреат жүлдегері атанды. (Астана қаласы 2009ж), сол бастаманы әрі қарай   студенттер жалғастырып отырады.

Азат Жексембеков  Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласында өткен Халық әртістері ағайынды Абдулиндер атындағы  I – Республикалық вокалистер «Жеке орындау» номинациясы бойынша   Джексембеков Азат  3 дәрежелі дипломға, ие болды.          

Айжан  Қасымбекова    Алматы қаласында өткен 34-ші   Республикалық  және кіші олимпияда да «Грамотамен» марапатталды

Бауыржан Мырзабеков  Алматы қаласында өткен   жас орындаушылардың   

I Республикалық  вокалистер  бауқауының жүлдегері,XXXIV Республикалық орындаушылар байқауының (Наурыз 2013ж),   М.Төлебаевтың туғанына 100 жыл толуына арналған I Республикалық вокалистер  байқауларында  (Сәуір 2013ж) жүлделі орындарға ие болды.

Ілияс Шугаипов  Облыстық VIIІ-ші Дельфийлік ойындары, Ұлттық өнердегі шеберлігі мен дарындылығы үшін «Вокал» номинациясы бойынша ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. 

Данель  Мырзабеков XXXVIII республикалық конкурсының «Академиялық ән салу» (боритон) номинациясы бойынша ҚР халық әртістері Кәукен Кенжетаев пен Шабал Бейсекова атындағы Халықаралық әншілер байқауларының   дипломанты.

Алмаз  Айнақұлов  XII –ші Дельфийлік ойындарына қатысып дипломант  болды.

Ләйлім  Қалиханова   ҚР карулы күштерінің 25 жылдығына және ҚР мемлекеттік рәміздерінің  25 жылдығына арналған IX республикалық  “Өнерім-өмірім» вокалды-хореографиялық байқауына қатысып Алғыс хатпен марапатталды.

Индира  Қалимолдина   Атырау қаласында өткен ҚР халық әртісі,Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық Консерваториясының профессоры Ғафиз Есімовтің «Жайық нұры» атты республикалық академиялық әншілер конкурсында үздік өнер көрсетіп дипломант болды.

Алтынбек  Қабай,  Қуаныш Қасенов  облыстық XIII –ші Дельфийлік ойындарына белсене қатысқаны үшін Алғыс хатпен  марапатталды.

Гүлсім Малисова    III дәрежелі Дипломмен,  марапатталды.

Құралай Мұқият   М.Мақатаевтың «Жырлайды жүрек» ән байқауында үздік өнер көрсеткені үшін II орын Дипломмен марапатталды. Сержан Гулдерай Республикалық музыкалық колледждер орындаушыларының XL Республикалық конкурсының «Академиялық ән салу» (сопрано) номинациясы бойынша  IV дәрежелі  дипломмен,  Облыстық   ОО «Талдыкорганское региональное польского культурно-просветительного общества «ПОЛОНИЯ»  дипломмен, Жас Отан  Қ.Сағырбаевтың туғанына 200 жыл толуына орай өткізілген «Музыкалық мәдениет-рухани байлықтың біртұтас жүйесі» облыстық ғылыми-практикалық конференциясына белсене қатысқаны үшін, Алғыс хатпен, Халықаралық  «Бейбітшілік әлемі» халықаралық ұстаздар және ғалымдар одағы. «Мәңгі ел, Қазақстаным!» атты ғылыми-конференциядағы құнды баяндамасы,ғылыми жоба үшін дипломмен,  халықаралық  Қазақстан музыкалық этнографиясының 200 жылдығына арналған «XXI ғасырдағы дәстүрлі музыка»атты халықаралық ғылыми конференциясына қатысқаны үшінСертификатпен  марапатталды.

Колледждегі сабақ беру әдістері мен формалары жыл сайын толықтырылып жаңартылып отырады. Күнделікті сабақ барысында оқушылардың білім сапасы артуда. Озық тәжірибеге сүйеніп,  2017 жылдан бастап «Ән салу» бөлімі  жас мамандармен толықты мысалы,    Бауыржан Мырзабеков, Айжан Қасымбекова, Ардақтым Тоғайбаевалар да өз жұмыстарын нақтылай түсуде. Күнделікті сабақ барысында  «Ән салу» бөлімі оқушыларының білім сапасы артуда,осының нәтижесінде жақсы және үздік оқушылармен  мақтана аламыз. Мысалы:  Камилла Камилова ,  Алена Гавриленко, Ажар Арқабаева, Дариға  Райымбердіқызы, Нұрлан Толқын,Диас Аманбаев,Алішер Сарбопаев,Айбек Жүнісбеков,Мақпал Сейдахмет,Ердос Жақия,  Камшат Бағлан , Айнұр Букенбаева,  Айымжан Тұрғанбаева, Маулен Бопазов, Гүлдерай Сержан, Дариға Мұқият,Құралай Мұқият, Алтынбек  Қабай,  Қуаныш Қасенов, Гүлсім Малисова, Алмара Бекболова, Индира Қалимолдина,Бақытбек Ұлболсын,Эльзира Несіпбай, Лашын Әкеш, Ләйлім Қалиханова, Еламан Сағатбеков, Бейсенбі  Айқын әр кездері республика, облыс, қала байқау сайыстарында біздің оқушыларымыз  лауреат, дипломант, ынталандыру жүлдегерлері ие болуда, Ән салу бөліміне  түсіп оқуға тілек білдірген жастар жылдан-жылға қаулап өсіп келеді. Алға қойылған мақсат – біріншіден шәкірт тәрбиелеу, өнерге баулу болса, екінші – облыс, қала берді Жетісу өлке мәдениетіне үлес қосу болып саналады..

Әр кездері республика, облыс, қала байқау сайыстарында біздің оқушыларымыз лауреат, дипломант, ынталандыру жүлдегерлері ие болуда, «Ән салу» Академиялық бөлімге қабылданғысы келетін, тілек білдірген жастар қаулап өсуде. Осындай жаңашылдықты ала келген, кәсіби музыка өнеріндегі іргелі оқу орындарының бірі – Қ.Байсейітов атындағы саз колледжіне 40-ші жыл толып отыр. Алға қойылған мақсат – біріншіден шәкірт тәрбиелеу, өнерге баулу болса, екінші – облыс, қала берді Жетісу өлке мәдениетіне үлес қосу болып саналады.. «Ән салу» Академиялық бөлімде оқып жатқан студенттер өздері қамқорлыққа алған кәсіпорындарында, оқу орындарында жиі-жиі концерттер беріп тұрады. Сонымен бірге оқытушылар студенттермен әр жыл сайын оқу жылының аяғында есепті концерт беріп тұруды дәстүрге айналдырған. Мұндай есептік концерт оқушылардың білімдерін қаншалықты өскендігін, таңдаған мамандықтарын, сүйіп шеберлікпен   өз өнерлерін көрсетіп, қаншалықты жетілгендігін таразылайтынын бірден-бір орын.

Колледж оқытушыларымен оқушылары облыстық, қалалық қоғамдық өміріне белсене қатысады, мәдениеттің дамуына елеулі үлес қосқаны үшін оқытушы Игембаев Талғат Кәкімұлы Түймебаев Білім Министрлігінен алғыс хатпен және  Қазақстан  Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері медалімен  және  «Алғыс хатпен», «Мадақтамамен», марапатталды.

Міне, осылай «Ән салу» бөлімінің жұмыстары өз қарқынында жүруде. Ол тек қана қалыптасып қоймады, дамыды, жетілді, шыңдалды деуге әбден болады.

2010 жылдан бастап колледждің «Ән салу» Академиялық бөлімінде  жоғарғы білікті мамандар  дәріс беруде  Айман Көпесбайқызы Бокашева бөлім меңгерушісі,Талғат Кәкімұлы Игембаев оқу үздігі, Ғалым Көпесбайұлы Сүлейменов «Ән салу» бөлімінің алғашқы ұстазы, (Қазақстан Республикасына еңбегі  сіңген  әртіс, доцент),

Қырық жылдың ішінде «Ән салу» бөлімін бітірген колледж түлектері еліміздің әр түкпірінде сапалы еңбек етуде. Осындай дара жолдан өткен көптеген түлектеріміз туған жеріне,  қайта оралып, өздері алған өнер-білімді кейінгі ұрпаққа дәріптеуде, өлкеміздің кәсіби өнер ұжымдарында, мәдениет ошақтарында еңбек етуде.

 

View the embedded image gallery online at:
http://mcoll-tald.kz/kz/232/n-salu-b-limi.html#sigFreeId3ce9d1713d