«ҚАЗАҚ ХАЛЫҚ АСПАПТАРЫ»  БӨЛІМ МЕҢГЕРУШІСІ ЖӘНЕ ОҚЫТУШЫЛАРЫ

 

Бөлім меңгерушісі : Нұрсейітова Ғайниса Қуанышбаевна

 

1979жылы Алматы Мемлекеттік Құрманғазы атындағы консерваториясына профессор Бақыт Қарабалина класына қабылданып, 1986 жылы профессор Тмат Мерғалиевтан домбыра класынан бітірді. 1986-1987 оқу жылдарынан бастап Талдықорған Қ.Байсейітов атындағы саз колледжінде «Қазақ халық аспаптары» бөлімінің меңгерушісі және домбыра класының оқытушысы. Облыстық «Алтын Дән» ансамблінің 1986-1990ж алғашқы қалаушысы. Шәкірттері көптеген Республикалық, Халықаралық  байқаулардың лауреаттары. Жоғары санатты, ҚР білім және ғылым министірлігінің Ы.Алтынсарин атындағы төс белгісінің иегері

 

Наурузов Кәміл Нығметолаұлы - (бас қобыз класы)

 

ҚР Мәдениет қайраткері.

1983 жылы Алматы Мемлекеттік Құрманғазы атындағы консерваториясын бас қобыз класын профессор Болат Сарыбаев пен Сарқыт Мансуровтардан тамамдады. Шәкірттері көптеген Республикалық,Халықаралық байқаулардың лауреаттары. Жоғары санатты, ҚР білім және ғылым министірлігінің Ы.Алтынсарин атындағы төс белгісінің иегері.

 

Дүзкеев Болат Баяшевич - (домбыра-класы)

 

1987 жылы Алматы Мемлекеттік Құрманғазы атындағы консерваториясын домбыра класы бойынша профессор А.Тоқтағаннаң бітірді. Қызметін Қ.Байсейітов атындағы музыка колледжінде оқытушы болып бастап, бөлім меңгерушісі, диретордың оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметтерінде атқарды. Облыстық филармонияның М.Төлебаев атындағы оркестрінде көптеген жыл бас концермейстер тұғырында болды. Шәкірттері көптеген Республикалық, Халықаралық  байқаулардың лауреаттары.

 

Оразаев Талғат Ильясович - (домбыра класы)

 

ҚР Мәдениет қайраткері.

Республикалық А.Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернатының түлегі. 1998ж Алматы Мемлекеттік Құрманғазы атындағы консерваториясын  профессор Айтжан Тоқтағанның класынан бітірген. Академиялық Н.Тілендиев атындағы фольклорлы "Отырар сазы" оркестрінде еңбек жолын бастаған. Білікті жоғары санатты оқытушы. Алматы облысы әкімінің "Үздік аспапшы" номинациясының жеңімпазы. Шәкірттері Республикалық, Халықаралық байқаулардың лауреаттары.

 

Бозымбеков Нурлан Қуандыкович -(домбра-прима класы)

 

ҚР Мәдениет саласының үздігі.

1979-1983 жылы П.И.Чайковский колледжің бітірді. 2007-2011 жылы Алматы Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясын домбра-прима класы бойынша доцент Измуратова Замзагуль Шариповнадан дәріс алды. Көптеген шәкірттері Республикалық, Халықаралық байқаулардың лауреаттары. Қазыргі уақытта домбра-прима класы бойынша Қ.Байсейітов атындағы саз колледжінде сабақ береді.

 

Кабимолдаева Анар Айдархановна - (прима қобыз класы)

 

1991-1995ж Талдықорған музыка колледжің аяқтап, Алматы Мемлекеттік Құрманғазы атындағы консерваториясын 2000 жылы профессор Зере Бейсембаева класы бойынша бітірген. Алматы облысы әкімінің "Құрмет грамотасымен"және көптеген "Алғыс хаттармен" марапатталған. 2016 жылдан бастап Қ.Байсейітов атындағы саз колледжінде прима қобыз аспабының оқытушысы, дарынды жастардың дамуына үлес қосуда  және талантты шәкірттер дайындауда.

 

Олжабайқызы Жанар - (домбыра класы)

 

2005-2009ж Талдықорған музыка колледжінің түлегі. 2009-2013ж Алматы Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваторияны, С.Құдайбергенованың домбыра класынан бітірді. Қазыргі уақытта Талдықорған қаласы Қ.Байсейітов атындағы саз колледжінде дәріс беруде. «Мен қазақпын» дәстүрлі ән-күй терме мега жобасының қатысушысы.

 

Скакова Толқын Қабылханқызы - (прима-қобыз класы)

 

2009 жылы Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясын, профессор Ғ.Молдакаримованың класынан бітіріп шықты.Республикалық және Халықаралық байқаулардың лауреаты. ҚР Білім және ғылым министрлігі және Алматы облысы мәдениет басқармасының Алғыс хаттарымен марапатталған. Шәкірттері Республикалық, Халықаралық байқаулардың лауреаттары. Қазыргі уақытта Қ.Байсейітов атындағы саз колледжінде прима қобыз аспабының оқытушысы.

 

Наурузов Рүстем Кәмілұлы - (домбыра класы)

 

Қазақ өнерінің қайраткері.

2005 жылы Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясын доцент Садықов Сәлімгерей класынан оқуды тәмамдаған. Республикалық байқаудың лауреаты. Көптеген іс шараларға белсенді қатысып, өз үлесін қосуда. Қазыргі уақытта Талдықорған қаласы Қ.Байсейітов атындағы саз колледжінде домбыра класы бойынша дәріс беруде.

 

Құдайбергенов Айбол Қайратұлы- (шертер класы)

 

Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясын 2003 жылы және Аспирантурасын 2009 жылы профессор Е.Б.Басықараның жетекшілігімен шертер мамандығы бойынша бітірді. 2017 жылдан бастап қосымша Қ.Бәйсейітов атындағы саз колледжінде шертер класын ашып, ұстаздық қызмет етуде. Халықаралық және Республикалық байқацлардың лауреаты, күйші және, сонымен қоса қазақтың көне аспаптары мен күйлерін зерттеушісі. 2019 жылы Алматы облысы әкімінің "Үздік аспапшы" номинациясының жеңімпазы. 2019 жылы Моңғол Халық партиясының "Құрмет" медалімен марапатталды.

 

Абашев Дамир Дәрібайұлы - (қыл қобыз класы)

 

2011 жылы Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясын, профессор Б.Қосбасаров  класынан бітіріп шықты. Көптеген Республикалық, Халықаралық байқаулардың лауреаты. Жоғары орындаушылық шеберлігі үшін арнайы "Үміт" дипломымен марапатталған. Қазыргі уақытта Талдықорған қаласы Қ.Байсейітов атындағы саз колледжінде қыл қобыз класы бойынша дәріс беруде.

 

Жаңғабылова Гаухар Натаевна - (прима-қобыз класы)

 

1986 жылы Алматы Мемлекеттік Құрманғазы атындағы консерваториясын прима-қобыз класы бойынша Зере Бейсембаевадан тамамдады. Қазыргі уақытта Талдықорған қаласы Қ.Байсейітов атындағы саз колледжінде дәріс беруде.